Қазақстандық Дмитрий Попко италиялық Андреа Пеллегрино екеуі Польшадағы Челленджер турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Ширек финалда қазақстандық-италиялық дуэт румыниялық Мирча-Александру Жекан мен италиялық Джорджио Рикка жұбын 6:3, 1:6, 10:8 есебімен жеңді.

Жеке сында Попко ресейлік Алексей Ватутинге 4:6, 7:5, 6:7 есебімен жол беріп, жарыс жолын аяқтады.