Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева канадалық Лейла Фернандеспен бірге Цинциннати (АҚШ) турнирінің жұптық разрядында жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Sports Plus Qazaqstan.

Ширек финалда Путинцева мен Фернандес америкалық-чехиялық Тейлор Таунсенд пен Катерина Синякова жұбын 2:6, 6:1, 10:6 есебімен керемет камбэктен кейін жеңіске жетті.

Цинциннатидегі жұптық турнирдің финалына шығу үшін Путинцева мен Фернандес Линда Носкова (Чехия) және Диана Шнайдермен (Ресей) кездеседі.