Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Испаниядағы WTA турнирдегі алғашқы матчта жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Путинцеваның бірінші айналымдағы қарсыласы әлемнің 37-ракеткасы қытайлық Юэ Юань болды. Матч 1 сағат 29 минутқа жалғасты.  Нәтижесінде Путинцева 6:2, 6:4 есебімен жеңді.

Келесі айналымда Путинцева тағы бір қытайлық, 6-нөмірлі Синвэнь Женмен кездеседі.