Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Билли Джин Кубогы аясындағы Колумбияға қарсы кездесуді ашты, деп хабарлайды Sport+.

Ұлттық құрама сапындағы 31-матчын өткізіп жатқан Юлия колумбиялық Валентина Медиорреалды 6:0, 6:1 есебімен жеңді.

Келесі болып кортқа Елена Рыбакина мен Юлианна Лисаразо шығады. Қарсыласуды жұптық ойын қорытындылайды.