Футзалда Чемпиондар лигасының ширек финалдық кезеңі басталды. Бұл кезеңге Қазақстаннан екі клуб қатысуда, деп хабарлайды Sport+.

«Қайрат» өз алаңында Испанияның ең мықты клубтарының бірі — «Картахенаға» 1:2 есебімен жеңілді. Алаң иелері сапындағы жалғыз голды Вандерсон соқты.

Ал «Семей» сырт алаңда Франция чемпионатының көшбасшысы «Этоальға» 4:5 есебімен жол берді. Гол авторлары — Кайо Торрес, Педриньо және дубль жасаған Бруно Гомес.

Жауап матчтары 6 наурыз күні өтеді.