Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері Қайрат Сатжанов Olympic.kz сайтына берген сұхбатында алдағы дайындық пен жақын арадағы жоспарлар туралы айтты, деп хабарлайды Sport+.
«20 наурыздан бастап Кисловодскіде (Ресей) Ресей, Өзбекстан, Әзербайжан және Беларусь командаларының қатысуымен бірлескен оқу-жаттығу жиындары өтеді. Кейбір боксшылар Бразилияда өтетін Әлем кубогының кезеңіне қатысады. Құраманың басқа бөлігі Әзербайжан мен Грузияда оқу-жаттығу жиындарын өткізіп, кейіннен 10-16 сәуір аралығында өтетін «Жібек жолы» халықаралық турнирінде бақ сынайды.
13-27 наурыз аралығында Жапония мен Оңтүстік Корея боксшыларымен бірлескен оқу-жаттығу жиындары жоспарланған. Сонымен қатар, құраманың бір бөлігі Ресейде өтетін оқу-жаттығу жиындары аясында Хабаровск қаласындағы турнирге қатысады», — деді тәжірибелі бапкер.
