Бейжіңде өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, әуесқой бокстан әлем чемпионаты мен Азия ойындарының жүлдегері, кәсіби бокста WBA белбеуінің иегері Қанат Ислам Қазақстан бокс федерациясында қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Sport+.

Енді Қанат Ислам отандық бокста жастар құрамасының жұмысын үйлестіріп, әлемдік аренадағы нәтижелерді жақсартуға өз үлесін қосатын болады.