RIZIN лигасы өз әлеуметтік желідегі парақшасында қазақстандық Қаршыға Дәуітбектің келесі жекпе жегі жайында ақпарат жариялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan
Қазақ файтерінің келесі қарсыласы 27-жасар Такеаки «Карате» Киношита атанбақ. Бұл спортшы осыған дейін қатарынан үш жеңіске жеткен.
Қаршыға соңғы жекпе жегінде жапон Тетсуй Секиді нокаутқа жіберген.
Киношитамен кездесу 29 қыркүйекке жоспарланған.
