Қазан қаласында үлкен бокс кеші өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде әлі жеңіліп көрмеген Виталий Петряков пен филиппиндік Джофер Монтано кездеседі.
Кештің екінші басты жекпе-жегінде қазақстандық Сергей «Самурай» Липинец ресейлік Марк Урвановпен жұдырықтасады.
Сондай-ақ бокс кеші аясында Вадим Лусбанов пен Өзбекстан өкілі Азизбек Тоджиев арасында қарымта кездесу өтеді.
Липинецтен бөлек, бокс кешінде қазақстандық спортшылардың қатысуымен тағы төрт жекпе-жек ұйымдастырылады. Мөлдір Әзімбек кәсіпқой мансабындағы екінші кездесуін өткізеді. Оның қарсыласы — әлі жеңіліп көрмеген Наталья Шадрина.
Сонымен қатар Қайсар Мамырхан, Ерасыл Оразымбек және Сағдиана Оразымбет кәсіпқой бокста дебют жасайды.
Бокс кеші Астана уақытымен сағат 19:00–де басталады.
Жекпе-жектерді Sport+ телеарнасынан, сондай-ақ sportplustv.kz сайтынан тікелей эфирде тамашалауға болады.
