9 қыркүйекте V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақ күресінен ұлттық құраманың сегіз бірдей спортшысы финалға шықты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan «Ұлттық және ат спорт түрлері орталығының» баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтіп жатқан бәсекеде бүгін спортшылар төрт салмақ бойынша өзара мықтыны анықтады.
Ерлер:
Бекжан Төлепов (55 келі);
Мейіржан Берекетов (60 келі);
Дидар Тугушев (66 келі);
Жұмажан Қожамбеков (74 келі)
Әйелдер:
Айжан Жылқыбаева (48 келі);
Назерке Азаматова (52 келі);
Рауза Нұрмұхамметова (56 кг);
Бақыт Құсақбаева (60 келі).
10 қыркүйекте ерлер мен әйелдер қалған төрт салмақта күреседі. Көшпенділер ойындарына қазақ күресінен 41 мемлекеттен 274 спортшы қатысады. Аталмыш спорт түрінен ерлер мен әйелдердің әрқайсы 8 салмақ дәрежесінде сынға түседі.
