Қысқы Азия ойындарының топтық кезеңінің екінші матчында Қазақстан әйелдер құрамасы Тайланд құрамасын жеңді, деп хабарлайды Sport+.

Қорытынды есеп 9:0. Қазақстан құрамасының сапында шайбаларды келесі спортшыларымыз лақтырды:

1:0 — 13:03 — Зубкова (Олжабаева)

2:0 — 17:33 — Оразбаева (Молдабай, Тұрсынова) ГБ

3:0 — 29:36 — Филимонова (Шегай, Тұрсынова) 

4:0 — 30:35–Зубкова (Олжабаева, Алдабергенова) 

5:0 — 31:08–Зубкова (Воронова, Алдабергенова)

6:0 — 50:20–Саяхатқызы М. (Зубкова, Саяхатқызы Д.)

7:0 — 53:42–Шегай (Молдабай)

8:0 — 55:28–Зубкова (Мескини, Саяхатқызы М.)

9:0 — 57:44–Пяткова (Әшімова, Олжабаева) ГБ

Осы жеңістің арқасында Қазақстан құрамасы 2 жеңіспен алдын ала кезең тобында көш бастап тұр. Кеше қазақстандықтар Гонконг құрамасын 12:0 есебімен жеңген еді.

Біздің команда келесі матчын 6 ақпанда Тайвань құрамасына қарсы өткізеді.