Керлингтен Қазақстан әйелдер құрамасы Харбинде өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарының топтық кезеңінде ірі жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшылар топтық кезеңнің жетінші матчында Таиландпен кездесті. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы 9:1 есебімен сенімді түрде жеңіске жетті.

Осылайша, ұлттық құраманың еншісінде төрт жеңіс пен үш жеңіліс бар. 13 ақпанда отандастарымыз Гонконгпен кездеседі.