Швейцарияның Ньон қаласында әйелдер арасындағы УЕФА Ұлттар лигасының 2027 жылғы маусымының топтық кезеңіне жеребе тартылды. Оның қорытындысы бойынша Қазақстан ұлттық құрамасы C6 тобына түсті, деп хабарлайды Sport+ ҚФФ ресми сайтына сілтеме жасап.
Отандық ұжымның қарсыластары Армения және Черногория құрамалары болады.
Қазақстан әйелдер құрамасы командалар алты топқа бөлінген С лигасы сынында бақ сынайды. Топ жеңімпаздары B лигасына көтерілуге мүмкіндік алады.
УЕФА Ұлттар лигасы-2027 топтық кезеңінің матчтары келесі жылдың ақпан айында басталады. Қазақстан құрамасы ойындарының нақты кестесі қосымша хабарланады.
