Италияда өтіп жатқан Универсиадада Қазақстан әйелдер хоккей құрамасы Жапония командасына қарсы алғашқы матчын өткізді, деп хабарлайды Sport+.

Матч 10:0 есебімен жапондықтардың пайдасына аяқталды.

Қазақстан құрамасы Жапониядан бөлек, бір топта Чехия және АҚШ құрамаларымен кездеседі.