Қазақстан Цзяншань қаласында (Қытай) өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында алғашқы медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Sport+.

Жүлделі үшінші орынға Пётр Хребтов көтерілді. Ол 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлдегер атанды.

Екі қозғалыс бойынша қоссайыстың нәтижесінде отандасымыз 333 (146+187) килограмм зілтемір көтерді.

Бірінші орынды индонезиялық Абдулла Рамат Ервин — 360 (155+205) келі нәтижесімен иеленсе, үздік үштікті қытайлық У Хайфен — 334 (145+189) келі нәтижесімен түйіндеді.