Бүгін, 18 тамызда бадминтоннан Сингапурда халықаралық турнир басталды. Оған Қазақстан құрамасы да қатысады, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Бапкерлер штабының шешімімен жарысқа қатысатын спортшылардың тізімі келесідей: Хайтмурат Кульматов, Арнур Тапишев, Махсут Таджибуллаев.

Аталған турнирде 25 елден 246 спортшы өнер көрсетеді.

Айта кетейік, турнир 23 тамызға дейін жалғасады.