Астанада басткеболдан Азия Кубогына іріктеу кезеңі аясында Қазақстан құрамасы бірнеше матч өткізуде, деп хабарлайды Sport+

21 ақпан күні Катар командасымен кездескен отандық баскетболшылар 71:92 есебімен қарсыласқа жол берді. Осы топтағы басқа матчта Иран Үндістанды 106:55 көрсеткішімен тізе бүктірді.

Қазір еліміздің баскетбол ұжымы Е тобында 6 ұпаймен соңғы орынға жайғасқан. Еншісінде 9 ұпайы бар Иран көш бастап тұр.

Бүгін, 24 ақпанда Қазақстан құрамасы Иранмен күш байқасады. 

Матч Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе жек сарайында 20:00де басталады.