Қазақстан құрамасының боксшысы Бейбарыс Жексен (60 келіге дейін) Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына өте алмады, деп хабарлайды Sport+.

Ширек финалдық жекпе-жекте қазақстандық спортшы тәжікстандық боксшы Акмал Убайдовпен кездесті.

Жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан жеңісті Убайдовқа берді.

Бұл жеңіліс Қазақстанның ерлер командасы үшін осы турнирдегі алғашқысы болды.