Астанада бокстан Азия чемпионаты жалғасуда, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Жарыстың алғашқы екі күнінде рингке он бір қазақстандық боксшы шықты. Барлығы дерлік айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Жастар арасында: Нұрасыл Төлебек 54 кг, Жансері Көшербаев 57 кг, Алексей Хаванцев 60 кг, Ахмет Үсен, Санжарәлі Бегалиев 75 кг.
22 жасқа дейінгі санатта: Ернар Қарап 48 кг, Нұрсұлтан Алтынбек 54 кг, Ерболат Сабыр 57 кг, Ерасыл Таңқай 63.5 кг, Елнұр Сүйінбай 67 кг, Сабыржан Аққалықов 71 кг.
