Бүгін, 11 мамырда, Қазақстан ұлттық құрамасы Чехияда өтетін хоккейден әлем чемпионатындағы алғашқы матчын Франция құрамасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Ойын Астана уақытымен 15:20-да басталады.
Команданың бас бапкері Галым Мамбеталиев ойынға құрамды таныстырды:
Шутов (Бояркин); Бреус — Метальников, Старченко (К) — Шестаков — Рымарев; Данияр (А) — Орехов, Савицкий — Омирбеков — Михайлис (А); Бекетаев — Диханбек, Панюков — Мухаметов — Муратов; Гайтамиров — Королев, Асетов — Бойко — Рахманов.
Еске сала кетейік, B тобында қазақстандық хоккейшілер сондай-ақ Швеция, Германия, Словакия, АҚШ, Польша және Латвия құрамаларымен ойнайды.
