Қазақстан ерлер құрамасы су добынан Үндістанның Ахмедабад қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында топтық кезеңнен сәтті өтті, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық құрама төрт кездесу өткізіп, барлығында да жеңіске жетті.

Төртінші ойында қазақстандық су добы шеберлері Таиланд командасынан 22:4 есебімен басым түсті.

Нәтижесінде Қазақстан В тобында бірінші орынға ие болды.

¼ финалда отандастарымыз Өзбекстан құрамасымен кездеседі.