28 қарашаға қараған түні «Қайрат» пен «Семей» футзалдан Чемпиондар лигасы элиталық кезеңіндегі бастапқы матчтарын өткізеді, деп хабарлайды Sport+ Kazinform агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Алматылықтар франциялық «Этуальмен» алаңға шықса, «Семей» испаниялық «Пальмамен» шеберлік байқасады.

Алматылықтар В тобында сондай-ақ хорватиялық «Олмиссум» және «Футзал Динамо» командаларымен кездеседі. Семейліктер D тобында «Пальмадан» басқа «Рекорд Бельско-Бяла» (Польша) және словакиялық «Мимел Лученец» клубтарымен ойнайды.

Финалдық кезеңге төрт топтың жеңімпаздары ғана жолдама алады.