Шымкентте 14 жасқа дейінгі теннисшілер арасындағы Қазақстан кубогының топтық кезеңі аяқталды. Оның қорытындысы бойынша қыздар арасындағы жарыста турнирдің басты жүлделері үшін күресті жалғастыратын сегіз команда анықталды.
А тобында үш жеңіске қол жеткізген Жетісу облысының құрамасы бірінші орын алды. Екінші орынға Шымкент командасы жайғасты. Топтық кезеңнің соңғы кездесуінде Жетісу теннисшілері жарыс қожайындарын 2:1 есебімен жеңді.
B тобында үш командалық кездесудің барлығында жеңіске жеткен Астана-2 командасы бірінші орын иеленді. Ақтөбе облысының құрамасы екінші болды. Бұл командалардың өзара кездесуінде елордалық теннисшілер 3:0 есебімен басым түсті.
C тобында Қарағанды облысының командасы жеңіліссіз өнер көрсетті. Топтағы бірінші орын үшін шешуші кездесуде қарағандылықтар Алматы-1 командасын 2:1 есебімен жеңді.
D тобында үш жеңіске қол жеткізген Түркістан облысының құрамасы бірінші орын алды. Соңғы турда Түркістан облысының командасы Астана-1 құрамасын 2:1 есебімен жеңді.
Осылайша, 1–8-орындар үшін Жетісу, Ақтөбе, Қарағанды және Түркістан облыстарының құрамалары, сондай-ақ Шымкент, Алматы-1, Астана-1 және Астана-2 командалары күресті жалғастырады.

1–8-орындар үшін плей-офф жұптары:Жетісу облысы — Алматы-1
Астана-1 — Астана-2
Қарағанды облысы — Ақтөбе облысы
Шымкент — Түркістан облысы
9–16-орындар үшін Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қостанай облыстарының құрамалары, сондай-ақ Алматы-2 командасы сынға түседі.
Қазақстан кубогы U14 Шымкент қаласында өтіп жатыр. Турнир 29 тамызда аяқталады.

Барлық маңызды спорттық оқиғаларды BeeTV-ден тамашала!