Футзалдан Қазақстан құрамасы Әлем чемпионаты аясында әлемнің және Еуропаның үздік командаларының бірі Португалияны жеңіп, турнирдің басты сенсацияларының бірін жасады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Матчтың қорытындысы 2:1. Голдардың авторлары Шыңғыс Есенаманов пен Дәурен Тұрсағұлов. Дәурен өзінің нәтижелі соққысын матчтың аяқталуына 14 секунд қалғанда соқты.