1–5 шілде аралығында Баку қаласында (Әзербайжан) Халықаралық падел федерациясының (FIP) ресми күнтізбесіне енген FIP Bronze Baku II халықаралық турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Sport+.

Қазақстан ұлттық құрамасының қатысушылары:

Евгений Данилов / Жәнібек Үмбетов
Родион Пак / Никита Сидоров
Алдияр Мұздыбаев / Жақас Қозбақ

Қазақстандық үш жұптың екеуі турнирдің бірінші айналымынан сүрінбей өтті.

Евгений Данилов пен Жәнібек Үмбетов Mohamad Jamshidi / Hosseini жұбын 6:3, 4:6, 7:5 есебімен жеңді.

Ал Никита Сидоров пен Родион Пак Konopko / Zalubski дуэтінен 7:6 (8), 6:3 есебімен басым түсті.

Өкінішке қарай, Алдияр Мұздыбаев пен Жақас Қозбақ грузиялық Davlianidze / Davlianidze жұбына 4:6, 4:6 есебімен есе жіберіп, турнирдегі өнерін аяқтады.