Бокстан Қазақстан құрамасы Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ұйымдастыратын әлем чемпионатына қатысатын құрамын жариялады, деп хабарлайды Sport+.

Қазақстан құрамасының құрамы:

48 келі дейін: Теміртас Жүсіпов;
51 келі дейін: Даниял Сәбит;
54 келі дейін: Сәкен Бибосынов;
57 келі дейін: Оразбек Асылқұлов;
60 келі дейін: Серік Теміржанов;
63,5 келі дейін: Ертуған Зейнуллинов;
67 келі дейін: Санатәли Төлтаев;
71 келі дейін: Абылайхан Жүсіпов;
75 келі дейін: Сабыржан Аққалықов;
81 келі дейін: Ерасыл Жақпеков;
86 келі дейін: Дәулет Төлемісов;
92 келі дейін: Нұрмағамед Юсупов;
92 келіден жоғары: Нұрлан Сапарбай.

Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ұйымдастыратын әлем чемпионаты 3–13 желтоқсан күндері Дубайда (БАӘ) өтеді. Биыл турнирдің жүлде қоры рекордтық 8,3 миллион долларды құрайды.