Хоккейден Қазақстан жастар құрамасы Әлем чемпионатындағы алғашқы матчын Украина жасөспірімдер құрамасына қарсы өткізді, деп хабарлайды Sport+.

Қазақстандық хоккейшілер есепті ашуға мүмкіндік алды — Корней Корнеев көзге түсті. Алайда украиндар есепті теңестіріп қана қоймай, овертаймда жеңісті жұлып алды — 2:1.

Келесі ойында Қазақстан жастар құрамасы Словения командасымен кездеседі.