«Все хоккей Бро» ақпараты бойынша, Қазақстан жастар құрамасының шабуылшысы Никита Ситников Канаданың BCHL (Британдық Колумбия хоккей лигасы) лигасында өнер көрсететін «Коквитлам Экспресс» клубымен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Sport+.

19 жастағы шабуылшы биылғы маусымды «Снежные Барсы» командасында бастады. Онда ол тұрақты чемпионаттың 27 матчында 11 (5+6) ұпай жинады. Қазақстан жастар құрамасы сапында әлем чемпионатында Никита Ситников 5 матчта 2 (1+1) ұпайға қол жеткізді.