Қазақстан құрамасы Канвонде (Оңтүстік Корея) өтетін жасөспірімдер Олимпиадасының 3х3 хоккей турниріндегі үшінші орын үшін өтетін ойындағы қарсыласын білді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Екінші жартылай финалда Дания Австрияны 5:3 есебімен жеңіп, финалға шықты.

Сонымен, үшінші орын үшін өтетін матчта қазақстандықтар Австриямен ойнайды, ал даниялықтар Латвиямен алтын үшін бәсекелеседі. Екі ойын да 25 қаңтар күні өтеді.