Туриндегі Универсиаданың ширек финалында Қазақстан құрамасы Словакия құрамасымен кездесті, деп хабарлайды Sport+.

Өкінішке орай, біздің құрама 2:1 есебімен жеңіліп қалды. Қазақстандық команда құрамындағы жалғыз шайбаның авторы Ян Тютюньков болды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы 20 қаңтарда Чехиямен кездесіп, турнирде 5-8 орындарды сарапқа салады.