Астанада «Alash Pride» 108 атты үлкен турнир өтеді. Бұл турнир лиганың 15 жылдығына арналған.

Басты жекпе-жекте UFC-дің бұрынғы екі файтері — қазіргі таңда Қазақстанның үздік жеңіл салмақ өкілі Дамир Исмагулов пен әлемнің ең үздік лигасында 9 жекпе-жек өткізген бразилиялық Алан Патрик кездеседі.

Қосалқы басты жекпе-жектерде UFC-дің бұрынғы чемпиондары Генри Сехудо мен Ренан Баррао өнер көрсетеді. Олар қазақстандық мықтылар — Қайрат Ахметов пен Арман Оспановпен кездеседі.

Сондай-ақ турнирге лига чемпиондары Саламат Исбулаев, Расул Хатаев, Бобур Абдулазизов, Нурхат Жұмағазы және басқа да спортшылар қатысады.

Турнир 19:00–де басталады. Тікелей трансляцияны Sport+ телеарнасынан, sportplustv.kz сайтынан және sportplus\\_qaz YouTube арнасынан көруге болады.