Жастар арасындағы Қазақстан 3х3 хоккей құрамасы Канвонде (Оңтүстік Корея) Латвиямен жартылай финалдық ойын өткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Бірінші кезеңнен кейін есеп прибалтикалықтардың пайдасына 9:1 болды. Екінші кезеңде есеп 2:2 болып теңесті. Үшінші кезеңде Латвия мықтырақ болып, 19:6 есебімен жеңіске жетті.

Латвия финалға шығып, Австрия – Дания жұбының жеңімпазымен кездеседі, ал Қазақстан жеңілген командамен қола медальдері үшін ойнайды. Шешуші ойындар 25 қаңтар күні өтеді.