3х3 хоккейден Қазақстан жастар құрамасы Канвонда (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан Олимпиада ойындарын сенімді жеңіспен бастады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Хоккейшілеріміз Польша құрамасымен кездесті. Кездесу 18:8 есебімен қазақстандықтардың сенімді жеңісімен аяқталды.
21 қаңтар күні біздің құрама Австрия және Латвияға қарсы ойын өткізеді.
Қазақстан құрамасының тобында Тайпей, Дания, Испания және Ұлыбритания командалары бар. Бірінші-төртінші орын алған командалар плей-офф кезеңіне өтіп, турнирлік медальдар үшін таласады.
