Кения тумасы, қазақстандық атлет Нора Джеруто Парижде өтетін 2024 жылғы Олимпиада ойындарына жолдама алды. Джеруто Олимпиада нормативін сәтті орындады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Лос-Анджелесте өткен «USATF Los Angeles Grand Prix» жеңіл атлетикадан турнирінде қазақстандық Нора Джеруто 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруде 9:22.45 нәтижесімен 3-орынды иеленді. Бұл нәтиже 28 жастағы Нораға 2024 жылғы Париж Олимпиадасына қатысуға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, Джеруто 2022 жылдан бері Қазақстан атынан өнер көрсетеді.
