26 шілде күні Алматыда Қазақстандағы жылқы жарысы маусымының басты оқиғасы — қазақстандық дерби өтеді. Бұл бәйгеге тек үздік тұлпарлар қатысады.

Бұдан бөлек, Алматы ипподромында тағы жеті ат шабыс өткізіледі.

Жарыстың басталуы — 14:45. Тікелей эфир Sport+ телеарнасында және sportplustv.kz сайтында қолжетімді.