16 жастағы қазақстандық теннисші Әмір Омарханов жасөспірімдер арасында Australian Open бірінші айналымында сенсациялық жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Омарханов Италиядан келген Федерика Чинамен (№4) ойнады. Матч 0:6, 6:3, 6:3  есебімен аяқталды.

Қазақстандықтың келесі қарсыласы Виктор Фридрих (Ұлыбритания) болады.

Әмір Омарханов – қарағандылық теннис мектебінің түлегі. Теннисші ITF Juniors бес жекелей және жұптық титулдың иегері.