Чехияның Прага қаласында көру қабілеті бұзылған спортшылар арасында өткен 5×5 футболынан (blind football) халықаралық Еуропа турнирінде Қазақстан құрамасы жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport+.
Қазақстандық команда топтық кезеңдегі бес кездесудің барлығында жеңіске жетіп, плей-офф кезеңіне сенімді түрде жолдама алды. Шешуші кезеңде отандастарымыз Грекия құрамасын жеңіп, финалға шықты.
Финалдық кездесуде қазақстандық спортшылар Германия командасын 1:0 есебімен жеңіп, турнир чемпионы атанды.
Айта кетейік, 5×5 футболынан халықаралық Еуропа турнирі 3–4 қазан аралығында өтті. Жарысқа Қазақстан, Чехия, Грекия құрамалары және Германияның үш командасы қатысты.
