Таеквондодан Қазақстан құрамасының өкілі Айым Серікбаева Манама қаласында (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында ел қоржынына екінші алтынды салды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Отандасымыз 44 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірмеді.
Финалда Серікбаева вьетнамдық Хуэн Хоанды 2:0 есебімен сенімді түрде жеңді.
Осылайша, Қазақстан құрамасының еншісінде екі алтын медаль бар. Бұған дейін алғашқы алтын медальді велошабандоздар аралас эстафетада жеңіп алған болатын.
