Үстел теннисінен Қазақстан командасының үздігі Кирилл Герасименко Олимпиада ойындарынан соң әлемдік рейтингте жоғарылады, деп хабарлайды Sport PLus Qazaqstan Olympic.kz cайтына сілтеме жасай отырып. 

Спортшы Париж Олимпиадасында 1/8 финалға жетті. Ол жазғы ойындарды 9-орынмен аяқтаған болатын. 

Әлемдік рейтингте Герасименко 46-орыннан 37-орынға жоғарылады.