Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Канаданың Торонто қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Ширек финалда әлемнің екінші ракеткасы Жапония өкілі Наоми Осаканы жеңді.

Үш сетке созылған кездесуде Рыбакина 4:6, 7:6(5), 6:4 есебімен жеңіске жетті. Матч 2 сағат 36 минутқа созылды.

Финалға шығу үшін Рыбакина америкалық Кори Гауффпен кездеседі.