Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин Тунисте өтіп жатқан ITF жұптық турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Григорий ресейлік Егор Агафоновпен жұптасып, Де Пеллегрини (Аргентина) – Скленка (Чехия) жұбын екі сетте 6:0, 6:3 есебімен жеңді.
Финалда қазақстандық-ресейлік жұп Сарайва дос Сантос (Бразилия) – ван Вык (Нидерланды) жұбымен кездеседі.
Айта кету керек, дәл осы бразилиялық ойыншымен Ломакин осы Тунисте өткен алдыңғы турнирді жеңіп алған еді.
