Таиланд астанасы Бангкок қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында бокстан жарыс қыза түсті. Әйелдер арасындағы жартылай финалдық бәсекелер аяқталып, Қазақстан құрамасының төрт спортшысы финалға жолдама алды, деп хабарлайды Sport+.

Шешуші жекпе-жекте ел намысын келесі боксшылар қорғайды:

– Гүлназ Бөрібаева (48 кг дейін),

– Бақыт Сейдіш (70 кг дейін),

– Шұғыла Нәлібай (75 кг дейін),

– Әсел Тоқтасын (80 кг жоғары).