Париж Олимпиадасында велоспорттан топтық жарыс аяқталды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып.
Топтық сында Қазақстан сапынан Алексей Луценко мен Евгений Федоров өнер көрсетті.
Луценко жарысты 52-ші болып аяқтады. Өкінішке қарай, Федоров мәреге жете алмады.
Велоспорттан топтық жарыста бельгиялық Ремко Эвенепул жеңіске жетті.
