Қазақстандық қорғаушы Александр Ким Солтүстік Америка клубына ауысты, деп хабарлайды  Sport Plus Qazaqstan.

Бір ай бұрын NAHL лигасында ойнайтын «Бисмарк Бобкэтс» қатарына қосылған 18-жасар хоккейші 7 матчқа қатысып, 6 (4+2) ұпай еншілеген.

Ағымдағы маусымды Финляндияның «Эссят U-20» сапында өткізген Александр 20 ойында 7 (4+3) ұпай жинаған.

Александр Ким жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан намысын қорғап, 5 матчта 4 (2+2) ұпай еншілеген еді.