Қазақстандық ММА файтері Қуат Хамитов өзінің Instagram парақшасында UFC файтері Шарабутдин Магомедовқа, яғни Шара Буллетке, шақыру тастады, деп хабарлайды Sport+.

«Найман» Алматыда өтетін АСВ JJ турнирінде жекпе-жек өткізуді ұсынды, ол жылдың басында ұйымдастырылуы мүмкін.

«Тек қашпа», — деп жазды Хамитов UFC файтеріне жолдаған сөзінде.

Қуат АСВ JJ лигасында бір кездесу өткізген: желтоқсанда ол шешім бойынша бұрынғы UFC файтері Рашид Магомедовты жеңді.