Қазақстан құрамасы жеңіл атлетикадан Ташкентте (Өзбекстан) өткен Silk Road to Tokyo WA Continental Tour Bronze халықаралық турнирінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

Отандастарымыз төрт алтын медаль жеңіп алды.

Бірінші орынды Аделина Земс (400 метрге кедергілер арқылы жүгіру), Артур Гафнер (найза лақтыру) иеленді. Одан бөлек жерлестеріміз әйелдер арасындағы 4×400 метрлік эстафетада (Александра Залюбовская, Аделина Земс, Виктория Ан, Ирина Конищева) және аралас 4×400 метрлік эстафетада (Алмат Төлебаев, Аделина мен Виталий Земс және Александра Залюбовская) алтын медальға ие болды.

Күміс жүлдегер атанғандар: Александра Залюбовская (400 метрге жүгіру), Кристина Ермола (100 метрге кедергілер арқылы жүгіру), Алмат Төлебаев (100 метрге жүгіру), Ирина Конищева (жетісайыс).

Қола медаль иегерлері: Виктория Ан (200 метрге жүгіру) және Виталий Земс (100 метрге жүгіру).