Бойсангур Датиев пен Гаухар Наурызова мәнерлеп сырғанаудан Сеулде (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан төрт құрлық чемпионатында өнер көрсетуін бастады, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Спортшылар еліміздің намысын мұздағы би жарысында қорғауда.

20 ақпанда, Датиев пен Наурызова ырғақты биді орындады. Төрешілердің шешімімен 49,40 ұпай жинады. Қазіргі уақытта қазақстандық жұп аралық 13-орында тұр.

Көш бастап тұрғандар – канадалық Пайпер Гиллес пен Поль Порье (87,22 ұпай).

Айта кетейік, еркін би 22 ақпанда өтеді.

Бүгін қысқа бағдарламамен Михаил Шайдоров өнер көрсетеді. Басталуы – 14:00.