Қазақстандық теннисші Александр Недовесов Китцбюэль қаласында өтіп жатқан турнирде алғашқы матчын өткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Эквадорлық спортшы Гонсало Эскобармен жұптасып, серб жұбы Иван Сабанов — Матей Сабановпен кездесті және екі сетте 6:3, 6:3 есебімен сенімді жеңіске жетті. Ойын бір сағат екі минутқа созылды.

Енді ширек финалда Недовесов пен Эскобар неміс жұбы Константин Францен — Хендрик Йебенсмен кездеседі.