Юлия Путинцева Thailand Open турнирінде бірінші ойын өткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Қазақстанның екінші ракеткасының қарсыласы жергілікті теннисші Накло Тхасапорн атанды. Юлия үш сетте 5:7, 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Турнирдің екінші айналымында Путинцева швейцариялық Виктория Голубичпен кездеседі (WTA рейтингінде 71 орын).
