Теннистен Қазақстанның ерлер құрамасының Дэвис кубогының екінші Әлемдік тобы аясында Таиландқа қарсы өтетін матчқа қатысатын ойыншылары анықталды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан сапында Александр Шевченко, Денис Евсеев, Тимофей Скатов, Бейбіт Жұқаев және Әмір Омарханов өнер көрсетеді.

Қазақстан мен Таиланд арасындағы кездесу 18-19 қыркүйек күндері Астанадағы Beeline Arena Ұлттық теннис орталығының хард корттарында өтеді.

Кездесу бес ойыннан тұрады: төрт жекелей және бір жұптық сайыс.

Матчта жеңіске жеткен команда 2027 жылғы Дэвис кубогының бірінші Әлемдік тобының плей-офф кезеңіне жолдама алады.